Балқаш гарнизонындағы атыс: Әріптесін жарақаттаған күдікті ұсталды

2 Маусым 2022, 10:55
1199
Бөлісу:
Балқаш гарнизонындағы атыс: Әріптесін жарақаттаған күдікті ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұған дейін БАҚ-та Балқаш қаласында әскери қызметкердің оққа ұшқаны туралы хабарлама жарияланған болатын.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, ІІМ Орталық өңірлік Әскери тергеу басқармасының Қарағанды бөлімімен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды, - делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігінің 53898 әскери бөлімінің зардап шеккен әскери қызметкеріне ота жасалды, оның жағдайы өте ауыр.

Оның күдікті әріптесі 2022 жылы 31 мамырда ұсталып, Балқаш қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген Бас әскери прокуратура таратқан хабарламада.

Кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етілмейді.

Өзгелердің жаңалығы