Балқашта карантин шаралары күшейтіледі

23 Қазан 2020, 16:22
1578
Бөлісу:
Балқашта карантин шаралары күшейтіледі

Алматы, BAQ.KZ. Коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты Балқаш қаласында карантин шаралары қайта күшейтілді.

Балқаш қаласының аумағында коронавирус инфекциясының тіркелу санының ұлғаюына байланысты 2020 жылдың 24 қазаны сағат 00.00-ден бастап Балқаш қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы қаулысымен шектеу іс-шараларының күшейтілуі енгізіледі:

1. 65 жастан асқан адамдарға көшеге шығуды шектеу;

2. Кәмелетке толмаған балалар ересектердің қарауынсыз жүруіне тыйым салынсын.

3. Жаппай жиналатын орындарда: гүлзарлар, саябақтар, жағалаулар мен үйлердің ауласындағы балалар ойнайтын алаңдары жабылсын.

4. Зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсету бойынша еріктілердің жұмысын жандандыру (65 жастан асқан адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізуге, зейнетақы алуға және т.б. көмек).  

5. Бұқаралық ақпарат құралдарында еріктілердің телефондары, жеткізу қызметтері жариялансын.

6. Өнеркәсіптік кәсіпорындарға жұмысшыларды жеткізетін қоғамдық көліктерді қоспағанда, қала бойынша қоғамдық көліктердің қозғалысын шектеу;

7. Балқаш станциясын, Қоңырат шағын ауданын қоса алғанда, қала аумағында сағат 22.00-ден 05.00-ге дейін жеке автокөліктің барлық түрлеріне тыйым салу. 

8. Қоғамдық тамақтану нысандарына жұмыс уақытын сағат 22.00-ге дейін шектеу. 

9. Азық-түлік сауда нысандарына жұмысын уақытын сағат 22.00-ге дейін шектеу.

10. Қызмет көрсету саласындағы нысандарға: шаштараздар, сұлулық салондар, моншалар, сауналар. Қызмет көрсетуді алдын-ала жазылу бойынша қатаң түрде жүзеге асыру, дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу, келушілердің ара-қашықтығын сақтау.

11. Кәсіпкерлік субъектілерге: нысандарға маскасыз және катаральды белгілері бар (жөтел, мұрынның ағуы, температура) келушілерді кіргізбеу.

12. Тәулік бойы қалада полиция бөлімі мен әскери полиция күштерімен патрульдеуі ұйымдастырылсын. 3 адамнан артық адамдардың жиналуына жол бермеу. 

13.  Балқаш қаласының аумағында орналасқан әскери бөлімдері, оның ішінде азаматтық персоналы қашықтықтағы жұмыс режиміне (қызметкерлердің кемінде 50%-ы) көшірілсін.

Өзгелердің жаңалығы