Балқаш-Бұрылбайтал. Келісім жасалды, жол үш жылдан кейін бітуі мүмкін

22 Желтоқсан 2020, 23:46
2351
Бөлісу:
Балқаш-Бұрылбайтал. Келісім жасалды, жол үш жылдан кейін бітуі мүмкін

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінде «Балқаш-Бұрылбайтал» автожолының екі учаскесін жаңарту бойынша жобаларына жарияланған байқау жеңімпаздары анықталды. 

 

Келісімшарттарға «СП СинеМидасСтрой» қазақстандық компаниясы мен итальяндық «Тодини» ұйымының өкілдері қол қойды.

 

 

 

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы Тасарал ауылынан Сарышаған кентіне дейінгі ұзындығы 50 шақырым (1955-2005 км) болатын учаскені бас мердігер – «Тодини» компаниясы жаңартатын болады. Жолды реконструкциялау аясында қозғалыс жолағы екіден төртке ұлғайтылады. Сондай-ақ, төрт жаңа өткел салынып, үшеуін қайта жаңарту көзделген. Сонымен бірге, В категориялы жол бойындағы сервис кешені бой көтермек. Осылайша аталған тасжол I-б техникалық категорияға сай болады, - деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

 

 

Сарышаған кентінен Мыңарал ауылына дейінгі 64 шақырым (2005-2069 км) болатын учаскеге реконструкция жұмыстарын «СП СинеМидасСтрой» компаниясы жүргізеді. Жолшылар қозғалыс жолақтарын төртке дейін ұлғайтып, бір көпір мен бір өткел салады. Бұл учаске де I-б техникалық категориясына сәйкес болмақ.

 

Осыған дейін аталған учаскелер бойынша міндеттемелерді орындамаған «Shanghai Construction» (Қытай) және «Azerinsaatservis» (Әзірбайжан) шетелдік компанияларымен келісімшарттар бұзылған болатын.

 

 

 

Жоба Халықаралық қайта құру және даму банкінен қарыз алу аясында жүзеге асуда. Қазір компаниялар әзірлік жұмыстарын бастамақшы. Келісімшартқа сәйкес екі учаскедегі жұмыстар 2023 жылға дейін тәмәмдалуы тиіс.

Өзгелердің жаңалығы