Баласын сатқан әйел 5 жылға бас бостандығынан айырылды

Қазақстандық әйел нәрестені сатқаны үшін 5 жылға сотталды.

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов 12 Тамыз 2026, 14:58
12 Тамыз 2026, 14:58
213
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Түркістан тұрғыны жаңа туған нәрестені сатқаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды. Жаңа туған нәрестені сату әрекеті Павлодар облысында болған.

Қылмыс қалай әшкереленді?

Павлодар облыстық прокуратурасының мәліметінше, 2002 жылы туған әйел материалдық қиындықтарға байланысты жүктілік кезінде-ақ іштегі баласын сатуды ұйғарған.

Алушыны табу үшін ол «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі «бала асырап алғым келеді» қоғамдастығында хабарландыру орналастырған. Содан соң жаңа туған қыз баланы 800 мың теңгеге сатуға келіскен.

2026 жылғы 28 наурызда әйел Павлодар облыстық №1 перинаталдық орталығында дені сау қыз баланы дүниеге әкелген.

Қылмыстық схеманың жүзеге асуы

Кылмыстық әрекет Павлодар қаласы прокуратурасының үйлестіруімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары мен арнайы тергеу әрекеттері барысында құжатталды.

Баланы сатып алушы жедел шара шеңберінде әрекет еткен. Әйелге берілген ақшаның сериялық нөмірлері алдын ала тіркеуге алынған.

31 наурызда Павлодардағы пәтерлердің бірінде әйел жаңа туған қызды медициналық құжаттарымен бірге сатып алушыға тапсырып, 100 мың теңге алған.

Осыдан кейін ол ұсталды.

Сот үкімі

Павлодардың кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әйелді ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабының 1-бөлігі («Кәмелетке толмағандарды саудаға салу») бойынша айыпты деп тапты.

Сот оған жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеумен 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

ҚР ҚК 74-бабының негізінде жазаны өтеу 5 жылға кейінге қалдырылды.

Қадағалаушы орган балаларға қатысты кез келген заңсыз мәміле қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтыратынын және құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында болатынын ескертті.

Еске салайық, бұған дейін Астанада кәріз құдығынан табылған нәрестенің анасы ұсталды

Тағы оқи отырыңыз:

Қазақстан Орталық Азияда шала туған нәрестелерге көмек көрсетуде көш бастады

Кеш үйлену, мансап немесе бедеулік: Қазақстанда бала туу неге азайды?

Қаскелеңдегі үшемнің өлімінен кейін министрлік перинаталдық орталықтарда тексеріс жүргізеді

Наверх