Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Баласын "әкесіне тартқан" деп алыстататын аналар бар – психолог

13 Мамыр 2025, 11:53
630
Бөлісу:
 коллаж BAQ.KZ
VIDEO
Фото: коллаж BAQ.KZ

"Альфа ұрпақ" жобасының кезекті қонағы – психолог Әсел Ғаниқызы, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол Астана қаласы әкімдігінің "Үміт" дағдарыс орталығында қызмет етеді. Орталыққа зорлық-зомбылық көрген әйелдер балаларымен бірге түсетіндіктен, психолог психикасы бұзылған балалармен жиі жұмыс істейді.

Ол "Альфа ұрпақ" жобасында анасы ұл балаларды "әкесіне тартқан" деп қалай кеудесінен итеруі мүмкін екенін айтты. Сондай-ақ ата-анадан жылу көрмеген бала қандай болады, баланы шектен тыс бақылау неге әкеледі, ата-ана баладан жауапкершілікті қалай алып қояды, балаға анасының эмоционалды көңіл күйі беріле ме, ата-ана мен бала орындарымен қалай ауысады, бала құрбан не абьюзер болуды қалай таңдайды деген сұрақтарға жауап берді.

Альфа ұрпақ – 2010 жылдан кейін туған балаларды сипаттайтын термин. Бүгінде бұл ұрпақ жасөспірімдік шақты толықтай цифрлық дәуірде өткеріп келеді. Олар смартфон, планшет, жасанды интеллект және басқа да жаңа технологиялармен туғаннан таныс.

Жобаның басты мақсаты – Z және Альфа ұрпағындағы жасөспірімдерге өздерін жақсырақ түсінуге көмектесу, ата-аналарымен қарым-қатынастарын нығайту, өмірге деген құлшыныстарын арттыру және қоғамдағы жауапкершіліктерін сезінуге бағыт беру. Сондай-ақ жоба дағдарыс кезеңіндегі оқушыларға қолдау көрсетуді көздейді.

Өзгелердің жаңалығы