Баласы автобуспен жүретін ата-аналарға нұсқаулық таратылды

20 Маусым 2020, 09:49
1878
Бөлісу:
Баласы автобуспен жүретін ата-аналарға нұсқаулық таратылды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл сайын Қазақстанда шамамен 420 бала жоғалады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. City Transportation Systems компаниясы баланы автобуспен жалғыз жіберу керек болса, қалай әрекет ету керектігі бойынша нұсқаулық берді.

Балаға сапар бағдарын және нақты баратын жерін алдын ала түсіндіру керек. Туысының телефон нөмірін жаттап алғаны жөн, егер телефон қуаты таусылып қалса қажет болады. Көмек керек болған жағдайда, жүргізушіге немесе көліктік бақылау департаментінің қызметкерлеріне жүгіну керек екендігін түсінідіріп беріңіз. Олар міндетті түрде көмектеседі, - делінген CTS компаниясының хабарламасында.

Көлік компаниясының мәліметінше, жыл сайын Қазақстанда 420 шақты бала жоғалады.




Өзгелердің жаңалығы