Балапан телеарнасының басшысы ауысты

1 Ақпан 2023, 16:57
1839
Бөлісу:
Балапан телеарнасының басшысы ауысты
Фото: РТРК «Казахстан

Журналист, продюсер Индира Тұрсынбай Balapan Телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазір «Balapan» телеарнасының алдында тұрған негізгі міндет - балалар контентін өндірушілер арасындағы бәсекелестікте алда болу, анимация өндірісін кеңейту. Ол үшін ең алдымен өнімдер сапасын бұдан әрі  арттыру мақсаты тұр. Бүгінде балалар контентін өндіретін түрлі отандық және әлемдік жаңа платформалар пайда болды, бәсекелестік мықты болғандықтан, телеөндірісте креативті идеяларды іске асыру маңызды. Бұл бағытта нарықтағы жаңашыл маман ретінде  Индира Тұрсынбайдың тәжірибесі балалар арнасы үшін пайдалы болады деп сенеміз, - деді Корпорацияның Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.

Балапан телеарнасының басшысы ауысты

Индира Тұрсынбай 2003 жылдан бері «Qazaqstan», «Астана», «Евразия»,  «Almaty» телеарналарында жүргізуші, журналист, жаңалықтар тілшісі болып еңбек еткен. Соңғы жылдары жеке продакшн компанияларда басшылық қызметтер атқарды.

Басқарма төрайымы бұған дейін телеарнаға жетекшілік еткен Kymbat Doszhanға алғыс білдірді.

Өзгелердің жаңалығы