«Balapan» телеарнасы байқау жариялайды

15 Маусым 2022, 10:55
1200
Бөлісу:
«Balapan» телеарнасы байқау жариялайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Balapan» телеарнасы «Білім бәйгесі» атты жаңа зияткерлік мегажобаның қатысушыларына байқау жариялайды. 

Күзгі маусымда «Balapan» телеарнасының эфирінен шығатын «Білім бәйгесі» атты жаңа зияткерлік жобаның қатысушыларына байқау жарияланды. 

Жобаның мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының бойындағы сыни және креатив ойлау, коммуникативтік дағдыларын дамыту. 

Жобаға: - 6-9 жас аралығындағы қазақ тілінде еркін сөйлеп, ойын ашық жеткізе алатын; - сабақ үлгерімі жақсы әрі логикалық ойлау қабілеті жоғары; - жаңа ортаға тез үйренетін, тез шешім қабылдап, жылдам әрекет ете алатын оқушылар қатыса алады; Егер балаңыз осы талаптарға сай келсе, сілтеме арқылы тіркеуден өту қажет, - делінген хабарламада.

Тіркеу 2022 жылғы 23 маусымға дейін жүргізіледі. 

Жоба ұйымдастырушылары тіркеуден өткен үміткерлерге 24 маусымнан кейін хабарласып, іріктеу кезеңіне шақырады. 

Өзгелердің жаңалығы