«Balapan» кішкентай көрермендерін жақсы жаңалығымен қуантады

31 Тамыз 2021, 21:25
1511
Бөлісу:
«Balapan» кішкентай көрермендерін жақсы жаңалығымен қуантады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Balapan» телеарнасы 6 қыркүйек күні жаңа телевизиялық маусымын түрлі жанрдағы 13 жаңа туындымен ашады. Бұл туралы АҚДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Эфирден трендтегі мульт кейіпкерлер негізінде жасалған жаңа қаһармандарды, Live форматындағы реалити шоулар мен телехикая көруге болады. 13 жобаның – 10-ы анимациялық хикая, 2-і бағдарлама, 1-і телехикая.

Атап айтар болсақ, «Үздік қойылым» телехикаясы еңбек пен бірлікке шақырады, ал «Толағай» бағдарламасы сайыс жағдайында отбасын біріктіреді. «Кітап қананың» әр шығарылымында қазақ балалар әдебиетінен бір шығарма мазмұндалады. «Маржан тіс» 3D анимациялық фильмі ауыз гигиенасының маңыздылығын үйретсе, «Көңілді көкөністер»(3D) дәрумендердің бала ағзасына пайдасы туралы өздері айтады. Ал «Ғарышкер бала Жігерден»(2D) талапты балақайды таниды. «Сұлтан Бейбарыс» пен «Қаһарман» мультфильмдерінен байырғы дәуірге саяхаттаса, «Әсем әуен» мен «Күй қанатында» атты 3D форматындағы мультфильмдерінен музыкадан хабардар болады.

Әлемдік тренд – трансформер тақырыбында «Трансформер Тұлпар» атты мультхикая ұсынылмақ. Сонымен қатар, арнадан шытырман оқиғаға толы «Сарбаздар»(3D) және жаңа технологиялармен таныстыратын «Білгішбектер» мультипликациялық сериалын көруге болады.  

Биыл «Balapan» 41 жоба өндірді. Оның 14-і жазғы маусымда эфирден жарық көрді. Күзгі маусым 13 жобамен шектелмейді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қараша-желтоқсан айларында әлі он шақты жобаның тұсауы кесіледі.

2010 жылы ашылған «Balapan» арнасын бүгінде жалпы есеппен 2 миллионнан астам абонент көреді. Арнаның контенті жылдан жылға сапа және сан тұрғысынан өсіп келетінін 246 тележоба, 19 телехикая мен ситком және 2037 бөлімнен тұратын жалпы саны 67 анимациялық жоба айғақтайды.

 

Бүгінде арнаның төл туындылары шетелге сатылып, отандық үздік 10 телеарнаның ішінде 7 орында тұр. Сонымен қатар, Былтыр әлем қашықтан оқыту жүйесіне көшкенде «Balapan» мектеп қызметін атқарып, қазақстандық оқушылардың білім алуына мүмкіндік жасады.

Өзгелердің жаңалығы