Баламұрат Ақшабаевты еске алуға арналған ХІІІ Халықаралық турнир өтеді

31 Қазан 2022, 17:00
1276
Бөлісу:
Баламұрат Ақшабаевты еске алуға арналған ХІІІ Халықаралық турнир өтеді

2022 жылдың 1-3 қараша күндері Ақтау қаласы, «Маңғыстау арена" спорт кешенінде Дзюдодан 2006-2007 және 2008-2010 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында КСРО спорт шебері Баламұрат Сұлтанбайұлы Ақшабаевты еске алуға арналған ХІІІ Халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Турнирде еліміздің 12 облысы мен 3 қаласының спортшылары бас қосады деп жоспарлануда. Жарыстың ашылу салтанаты 1 қараша күні сағат 12:00 басталады. Аталмыш жарысқа 400-ге жуық балуан келеді деп күтілуде. Турнир қорытындысы бойынша әр салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар, түрлі дәрежедегі дипломдар мен медальдар табысталады.

Жыл сайын жарысқа қатысушылардың саны артып келе жатыр. Дзюдоға қызығатын балалар өте көп. Негізгі мақсатымыз – бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын насихаттау. Осы жарысқа қатысып жатқан дзюдошыларымыз әлі талай жетістікке жетіп, Олимпиада чемпионы атанып, көк туымызды көкте желбірететініне сенеміз, – дейді  "Жас Батыр"спорт мектебінің басшысы Манарбек Бисекенов

Қосымша ақпарат
01.11.2022 ж.
- 2006-2007 ж.т. жасөспірім ұлдар  -50кг, -55кг, -60кг, -66 кг, -73 кг,  -81 кг, -90 кг, +90 кг;
- қыздар: -40 кг, -44 кг, -48 кг, -52 кг, -57 кг,  -63 кг, -70 кг, +70 кг;

- 2008-2010 ж.т жасөспірім ұлдар :-35 кг, -38 кг, -42 кг, -46 кг, -50 кг, -55 кг,  -60 кг, -66 кг, +66 кг;
- қыздар: -36, -40, -44, -48 кг, -52, -57, +57 кг

02.11.2022 ж. (жарыстың 2-күні)
10:00- Жарыстың басталуы:
-  2008-2010 ж.т. жасөспірім ұлдар -35 кг, -38 кг, -42 кг, -46 кг, -50 кг, -55 кг, -60 кг, -66 кг, +66 кг;
- қыздар: -36, -40, -44, -48 кг, -52, -57, +57кг;
- 17:00- Үшінші орынға және ақтық сынға күресуі.   
- Марапаттау  рәсімі

Өзгелердің жаңалығы