Кәсіпкер көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады

25 Сәуір 2019, 21:49
2395
Бөлісу:
Кәсіпкер көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда тұрғыны Ермек Хапайдың отбасы үшбөлмелі пәтерге ие болды. 

Осыған дейін көп балалы отбасы қала шетіндегі күркеде 15 жыл тұрған. Бұл туралы «Менің Атамекенім» бағдарламасында айтылған.

Қазақстандықтар отбасыға азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық заттар беріп жәрдемдесіпті.

«2019 жылдың 18 сәуір күні белгісіз кәсіпкер көмекке зәру отбасыға 3 бөлмелі пәтерде сыйлайды», - делінген «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Алғашында бұл отбасы пәтер жалдап тұрған. Балалары дүниеге келсен соң, пәтер жалдау қиындай түскен. Сондықтан олар ұзақ жылдар бойы 10 шаршы метр болатын күркеде тұруға мәжбүр болған.

Ермек Хапай баларын асырау үшін үш жерде жұмыс істеген.  Ол балаларының жайлы үйде тұратынына қуанышты.

«Алғашында «пәтер сыйлады» дегенге сенбедім. Маған "үміт бергісі келген шығар» деп ойладым. Қолымызға кілтті бергенде қуанышымда шек болмады. Балаларым мәз. Өйткені олар мұндай жерде тұрып көрген жоқ. Отбасыма көмектескен жандарға алғысымды білдіремін», – деді ол.
Өзгелердің жаңалығы