Балалары грантқа түскен ата-аналар балаша қуанды

Балалары грантқа түскен ата-аналар балаша қуанды
545

Мемлекеттік білім беру грантына ие болған түлектердің ата-аналары бұл қуанышты сәтті көпшілікпен бөлісіп жатыр. Олар эмоцияға толы видеоларын әлеуметтік желідегі парақшаларына жүктеген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Күні кеше мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі шықты. 80 мыңға жуық үміткердің ішінен бағы жанғандардың төбесі көкке жетіп, қуаныштарын көпшілікпен бөлісіп жатыр. Балалары үмітін ақтаған ата-аналар қуанғанышты сәттерін видеоға түсіріп алған.

Әлеуметтік желіде тараған мына бір видеодан мектепті бітірген бойжеткеннің грант иегерлері тізімін компьютер экраны алдында отбасымен бірге қарап отырғанын көруге болады. Тізімге ілінгенін көрген олар жас балаша қуанып, бір-бірінен құшақтай жөнеледі. Ал болашақ студенттің бауыры мен анасы тіпті көз жастарына ерік береді. 

Өзгенің қуанышын көрген желі қолданушыларының көбі болашақ студенттерді құттықтап, жылы лебіздерін жарыса жазып жатыр. Тіпті жаңа өмірге қадам басқалы отырған жастарға сәттілік тілеуде.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: дереккөз
Өзгелердің жаңалығы