Балаларға суға түсу қауіпсіздігін сақтау қалай түсіндіріліп жатыр?

25 Мамыр 2021, 11:28
4163
Бөлісу:
Балаларға суға түсу қауіпсіздігін сақтау қалай түсіндіріліп жатыр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Азаматтық қорғау басқарма бастығы Ратбек Демеуберген суға шомылу кезеңіндегі қауіпсіздік туралы өткен брифингте айтты.

Балаларға суға түсуге қатысты қауіпсіздік шаралары мектеп өкілдерінің қатысуымен онлайн түсіндіріліп жатыр. Арнайы бейнероликтер мен мультфильмдер әзірленді. Олар БАҚ пен қаланың led-экрандарында жарияланып жатыр. Оған қоса «Балалар қауіпсіздігі» акциясы басталады, - деді ол.

Ратбек Демеубергеннің айтуынша, 1 маусымда балаларға арналған суреттен байқау аяқталады.

Оның барлығы балалар мен ата-аналарды суға түсу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үндейді. Осы орайда ата-аналар балаларына үнемі қауіпсіздік туралы түсіндіріп, балаларын қараусыз қалдырмауға шақырамын. Себебі көп жағдай балаларының 30 секунд болсын қараусыз қалған кездерінде болып жатады, -деді Демеуберген.

Осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Азаматтық қорғау басқарма бастығы Ратбек Демеуберген жаз мезгілі басталмай жатып, Нұр-Сұлтан маңында екі адам суға кетіп қаза тапқанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы