Қадағалау органы әлеуметтік желілер мониторингі шеңберінде экстремистік, террористік сипаттағы ақпарат, жасөспірімдердің суицидін насихаттау және балаларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері таратылған топтарды анықтады.
Мысалы, «POZOR PETRO» Telegram-арнасында кәмелетке толмағандардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін посттар, сондай-ақ сексуалдық сипаттағы бейнероликтер орналастырылды.
«Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы қабылданған шаралармен аталған топтарға кіру бұғатталған.
Жыл басынан бері облыс прокуратурасы заңсыз контенті бар 205 интернет-ресурсты бұғаттады. Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы ата-аналарды кәмелетке толмағандардың ақпараттық қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға, олардың интернет-белсенділігіне қызығушылық танытуға және олар қарап отырған мазмұнды бақылауға шақырады, - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.