Балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілерін жариялау бойынша нұсқаулық әзірленді

15 Мамыр 2023, 17:47
1209
Бөлісу:
Балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілерін жариялау бойынша нұсқаулық әзірленді

Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Таяуда «БАҚ этикасы және балалар құқығы» атты дөңгелек үстел өткізгенімізді білесіздер.

Сол жиында айтылған халықаралық құжаттардың ережелері мен қалыптасқан тәжірибені ескере отырып, балаларға қатысты зорлық-зомбылық және суицид фактілерін жариялау бойынша журналистерге арналған қағида әзірлеуді тапсырған едік.

Бүгін медиада балалар мәселесін қалай қауіпсіз жариялауға болатыны туралы нұсқаулықты жариялап отырмыз.

Онда буллинг, суицид туралы ақпарат, балаға қатысты зорлық-зомбылық фактілерін жариялау бойынша қағидаттар мен кеңестер; сонымен қатар, әлеуметтік желі және ойын-сауық медиа контенті туралы пайдалы мәліметтер бар, - деп жазды министр.

Сілтеме төменде.

Құжатты осы жерден жүктеп алуға болады.

Өзгелердің жаңалығы