Балаларға балшықпен ойнаған пайдалы – ғалымдар

18 Қазан 2020, 10:47
2629
Бөлісу:
Балаларға балшықпен ойнаған пайдалы – ғалымдар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ғалымдар балалар неғұрлым таза ауада, орманда балшықпен ойнаса, соғұрлым олардың иммунитеті жоғары болады деген тоқтамға келді.

Хельсинки университетінің ғалымдары ғылыми түрде таза ауада балшықпен ойнау арқылы балалардың иммунитеті нығайя түсетінін дәлелдеп шықты. 

Мамандар Финляндияның екі қаласының 75 баласы қатысқан зерттеу жүргізген. 

Біз қорытындысын көргенде шын мәнінде таңғалдық, - деді тәжірибе авторларының бірі 
Аки Синкконен. 
Тәжірибеге қатысқан бірінші топтағы балаларға ауладағы ойын алаңдарына шымды қыртысты алып келіп қойған.

Сонымен қатар, балалар далада 90 минут серуендеген, оларға өсімдіктер және топырақпен ойнауға рұқсат берген. 

Екінші топ болса қалада болған.   

Мамандар таза ауада ойнаған балалардың иммунитеті жоғарылап, әртүрлі бактерияларға төтетіп бере алатынын байқаған. Олардың қан құрамында IL-10 қабынуға қарсу ақуыздың жоғарылағанын байқаған. 

Мамандар балаларға жердің беткі қабатында болатын микробтармен байланыста болу маңызды екенін айтады.   

Енді ғалымдар қара шірігі жоқ балалардың ойын алаңқайларын әртүрлі микробтарға «толтыруды» көздеп отыр.


Өзгелердің жаңалығы