Балалардың құқықтарын қорғау комитеті қауіпсіздік ережелерін ұсынды

21 Маусым 2023, 20:01
741
Бөлісу:
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті қауіпсіздік ережелерін ұсынды
Фото: Арман Мухатов - Архив

Жол-көлік оқиғаларының қаупі жоғары. Сондықтан балаларға көше мен жолда мұқият болуды ескерту қажет, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне сілтеме жасап.

-Балаларға ересектерсіз жолға шығуға болмайды, ересек адамның қолынан ұстап, тротуардан шықпау;

-Бағдаршамның “жасыл” түсі жануын күту;

-Машина көрінбесе де “қызыл” түске жүгірмеу;

-Жаяу жүргіншілер үшін “жасыл” түс жанып тұрған кезде жүрмей, барлық автомобиль, автобус, жүк машинасы тоқтағанына толық көз жеткізу;

-Көшеде асықпай тротуардың оң жағымен жүру;

-Велосипед, самокатты тек қана арнайы жолдарда теуіп, жүргіншілер жолағында сүйреп өту;

-Жолдың жанында ойнау қауіпті, аулада немесе ойын алаңында ғана ойнаған дұрыс;

-Тротуары жоқ жерлерде жолдың оң жақ шетімен жүру;

-Қоғамдық көлікте қолды терезеден шығармау керек.

Өзгелердің жаңалығы