Балалардың ораза ұстағаны дұрыс па? – Ақмарал Әлназарова жауап берді

18 Наурыз 2024, 15:04
373
Бөлісу:
Балалардың ораза ұстағаны дұрыс па? – Ақмарал Әлназарова жауап берді
Фото: pixabay.com

Мәжілістің комитет отырысынан кейін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова балалардың ораза ұстауына қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналистер әлеуметтік желілерде мектеп жасындағы балалардың ораза ұстауына қатысты министрдің ойын білді.

Балалардың ағзасы өте тез өседі. Себебі олардың ағзасы тез қорытады. Олар жұмсайтын энергияның орнын тез толтырып отыруы қажет. Әрине, бірінші әр ата-ана мұны дұрыс түсінуі керек. Балалардың уақытылы, тиімді тамақтануы денсаулықтары үшін, дамуы үшін маңызды, - деді министр.

Әлназарованың ойынша, десе де белгілі бір жасқа дейін балаларды дұрыс тамақтану режимінен айырмау керек.

Меніңше, 16-17 жасқа дейін баланың уақытылы тамақтанып, режимді сақтағаны маңызды, - деп ойын айтты еліміздің бас дәрігері Мәжілістің кулуарында.

Өзгелердің жаңалығы