Балалар неліктен үйден кетеді?

7 Сәуір 2023, 19:08
1067
Бөлісу:
Балалар неліктен үйден кетеді?
Фото: Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

Жыл басынан бері Жамбыл облысының полициясына кәмелетке толмаған 80 жасөспірімнің үйінен өз бетінше кету деректеріне қатысты 75 хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі хабарлауынша, олар қысқа уақыттың ішінде табылып үйлеріне қайтарылып отырды.

Полиция қызметкерлері іздеу іс-шараларын жүзеге асыра отырып, жоғалған кәмелетке толмаған баланың орналасқан жерін анықтау бойынша шаралар қабылдап қана қоймайды, баланың үйден кету себептерін анықтайды және талдау жасайды.

Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің басым бөлігі үйінен шығып кетсе, тек 5 жағдайда ғана әлеуметтік мекемелерден кетіп қалған. Негізінен қыздардың қашып кетуі жиі орын алады, ал ұлдардың кетуі сирек. 2023 жылы кейбір жасөспірім бір емес бірнеше рет үйден қашып кеткен.

Полицейлер кәмелетке толмағандардан кету себебін сұрағанда, олар серуендеу үшін шығып кеткендерін түсіндірді. Көрші елдімекендерге, сауда орталықтарына жол-жөнекей көліктерді тосып барған және көшеде жаңа таныстар тапқан.

Әлеуметтік мекемелерден кетулеріне түрткі болған себептері туралы айтатын болсақ, жасөспірімдер көбінесе мекеме режимін сақтағысы келмеуімен, бостандық пен тәуелсіздікке ұмтылуымен түсіндіреді. Үйден ата-анасынан қашқан балаларға келетін болсақ, олардың себептері - үй шаруасымен айналысқысы келмеуі немесе оқуға көбірек уақыт бөлуіне байланысты жанжалдан кейін орын алған. Ал басқалай себептері - туыстарының сенімі мен өзара түсіністігінің болмауы, олардың немқұрайлылығы салдарынан болған. Бала адасып немесе ұзақ күнге ойнап, уақытты жоғалтып, аналары ұрсады деп үйге барудан қорқатын кездері де болған. Кетіп қалудың тағы 6 дерегі жасөспірімдердің психикалық ауытқуларынан туындады, - деді Жамбыл облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының м.а полиция майоры Манас Әбдікәрімов.

Кейде балаларды үйден қашуға ата-аналардың әдепсіз мінез-құлқы да итермелейді. Олар алкогольдік ішімдікті асыра пайдаланады. Шулы компанияларды үйге әкеледі. Жақындарына үнемі дөрекілік көрсетеді және қорлайды. Кейде тіпті қол көтереді.

Жасөспірімдер айтқан мұндай дәлелдерді полиция қызметкерлері мұқият тексереді және егер кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді ата-аналардың орындамау немесе тиісінше орындамау дерегі анықталса, ата-аналарды (заңды өкілдерді) әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы мәселе қаралады. Айта кету керек, 2023 жылы ата-аналардың әдепсіз мінез-құлқына байланысты балалардың үйден кету жағдайлары анықталған жоқ.

Дегенмен, барлық ата-ана балаларының өздерінің айнасы және өмірінің жалғасы екенін есте ұстауы керек. Баланың бір кездері үйренгенінің бәрі (жақсы да, жаман да) сізге байланысты. Өйткені, сіздің балаңыз кәмелет жасына толғанға дейін оған толық жауапты боласыз, - деді Әбдікәрімов.

Жамбыл облысының Полиция департаменті кәмелетке толмаған жасөспірімнің үйден кетіп қалуы қадағалаусыз жүріп-тұруға, қауіпті ықпалға оңай түсіп, көбінесе қылмыстық және азғындық әрекеттерге тартылуына, сондай-ақ өздері де қылмыстың құрбаны болуы секілді ауыр зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкін екенін ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы