Балалар құқығын қорғау заңнамасына «жәбірлеу» ұғымы енгізіледі

2 Наурыз 2021, 17:09
2458
Бөлісу:
Балалар құқығын қорғау заңнамасына «жәбірлеу» ұғымы енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты Елнұр Бейсенбаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен балалар құқығын қорғау бойынша кейбір заңнамалық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша брифинг барысында айтты.

Заң жобасы аясында жұмыс тобы 2020 жылдың мамырында құрылған болатын. Яғни осыдан 10 ай бұрын. Қазіргі уақытта Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымы депутаттарының құрамы мен қоғам белсенділері қатарынан толықтырулар мен өзгертулерді енгізу бойынша жаңа жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының құрамы 65 адамнан тұрады. Олардың ішінде депутат, ҮЕҰ өкілдері, психолог пен педагогтар, мемлекеттік орган өкілдері, бала мен отбасыға көмектесу бойынша сарапшылар бар, - деді ол. 

Депутат атағандай, қазір ҚР-ның 3 кодексі мен 6 заңына 35-тен астам өзгерту мен түзету енгізу ұсынылып отыр. 

Оның ішінде жетім мен ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың тұрғын үй мәселелері бойынша, ерекше қажеттілігі бар оңалту орталықтарын ашу, «жәбірлеу» түсінігін енгізу мен әлеуметтік көмек көрсету сынды нормалар бар, - деді Бейсенбаев. 

Оның айтуынша, жұмыс тобының нәтижелі әрі сапалы жұмыс атқаруы мақсатында кейбір түсінікті егжей-тегжейлі талқылау үшін арнайы алаңдар құрылды. 

Оның ішінде қоғамда біраз сұрақ тудырған «жәбірлеу» ұғымын талқылау үшін арнайы сараптама тобы жұмыс істеп келеді. Баланың құқығын қорғау мен оны қолдауға арналған заңдарға өзгерістер енгізу бойынша қоғам ішінде түсініспеушілік туындап отыр, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы