«Кальмар ойынына» негізделген сынақтан балалар ауруханаларға түсуде

5 Қараша 2021, 20:28
1419
Бөлісу:
«Кальмар ойынына» негізделген сынақтан балалар ауруханаларға түсуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күйік шалған балалар Ұлыбританиядағы ауруханаларға Netflix-тің танымал «Кальмар ойыны» телехикаясының негізінде тәтті тағамдарын әзірлемек болып ауруғанаға түскен деп хабарлайды Бирмингем клиникасы. Бұл туралы lenta.ru сайты мәлімдеді.

Әңгіме балалар TikTok челленджіндегі рецепттер бойынша «пісіретін» далгон тәттілері туралы болып отыр. Нұсқауларға сәйкес, шаблонның пішінін бере отырып, тәттіні кесу керек. Дегенмен, олар жасалатын материал суға қарағанда жоғары қайнау температурасына ие және теріге жабысады.

Біз өте қатты жарақат алған бірнеше баланы көргенде қатты уайымдадық, – деді күйік жөніндегі кеңесші және ауруханадағы пластикалық хирург Оливер Сойер. 
Мамандар отқа қант пен ас содасын біріктіруге негізделген Honeycomb немесе Dalgona Challenge-тің нақты қаупі туралы ескертті.

Бұған дейін Панамада оңтүстіккореялық танымал сериал үлгісіндегі кеште бес адамның қаза тапқаны белгілі болған. Ресейде сериалдың атын естіген азаматтардың 26 пайызы оған тыйым салу идеясын қолдайды. Фильм 456 үмітсіз топтың аман қалу үшін ойнағанын баяндайды.

Өзгелердің жаңалығы