Балалар әндерінің тұңғыш партитурасының таныстырылымы өтеді

29 Желтоқсан 2021, 00:16
1689
Бөлісу:
Балалар әндерінің тұңғыш партитурасының таныстырылымы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ы.Алтынсарин  атындағы  ұлттық  білім Академиясында  балалар  композиторы, мәдениет  қайраткері, академияның  аға  ғылыми  қызметкері Алтын  Маханбетованың  "Менің  өлкем " атты  балаларға арналған әндерінің эстрадалық-симфониялық оркестрге арналып өңделген  партитуралар жинағының  тұсау  кесер рәсімі  өтеді. 

Алтынсарин атындағы академияның қолдауымен жарық көрген жинаққа  автордың   патриоттық тақырыптағы және бақытты  балалық  шақ тақырыбына  арналған 30- әні  енген. 

Қазақстанда балалар әндерінің  партитуралар жинағы тұңғыш  рет  жарық көріп  отыр.  Тұсау  кесер рәсіміне  ҚР композиторлар  одағының төрағасы  С.Әбдінұров бастаған кәсіби композиторлар  және  белгілі музыка мамандары, ғалымдар  қатысады.
 

Өзгелердің жаңалығы