Балалар әдебиетін қолдау іс-шаралары бір аймен шектелмейді – Ербол Бейілхан

2 Сәуір 2021, 17:50
5970
Бөлісу:
Балалар әдебиетін қолдау іс-шаралары бір аймен шектелмейді – Ербол Бейілхан
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада «Балалар әдебиеті – Ұлт болашағы» атты кітап апталығының ашылу салтанаты өтті. 

Балалар әдебиетін қолдау іс-шаралары бір аймен шектелмейді – Ербол Бейілхан

Шара «2021 жылы – Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» тақырыбы аясында ұйымдастырылып отыр.

Балалар әдебиетін қолдау іс-шаралары бір аймен шектелмейді – Ербол Бейілхан

Мәдени шараға жазушы Толымбек Әбдірайым, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Дәулеткерей Кәпұлы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық академиялық кітапхана басшысы Үмітхан Дәуренбекқызы, ақын, драматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Әскерхан Ақтай және басқа да зиялы қауым өкілдері қатысты.

Балалар әдебиетін қолдау іс-шаралары бір аймен шектелмейді – Ербол Бейілхан

Жиынның басты мақсаты - балалар жазушыларын көпшілікке таныту, балаларды кітап оқуға ынталандыру, балалар әдебиетіне қан жүгірте отырып, қоғамды оқу үдерісіне ілестіру.

Балалар әдебиетін қолдау іс-шаралары бір аймен шектелмейді – Ербол Бейілхан

Іс-шара барысында балалар әдебиетіне өз үлестерін қосып жүрген жазушылар мектеп оқушыларымен диалог құрып, кітап оқудың маңыздылығын түсіндірді.

Балалар әдебиетін қолдау іс-шаралары бір аймен шектелмейді – Ербол Бейілхан

Жиын ортасында оқушылар тарапынан Мұқағали Мақатевтың өлеңі оқылды.

Балалар әдебиетін қолдау іс-шаралары бір аймен шектелмейді – Ербол Бейілхан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған баяндамасында балалар әдебиеті туралы айтылған болатын. Бұл мақала аясында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова шешімімен биыл «Балалар және жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» деп жарияланды. Осыған орай Ұлттық академиялық кітапхана арнайы жоба ұсынып, осындай іс-шараларды қолдауға атсалысып отыр,  - дейді ақын Ербол Бейілхан.
Балалар әдебиетін қолдау іс-шаралары бір аймен шектелмейді – Ербол Бейілхан

Онымен қоса, ақын балалар әдебиетінің ерекшелігі туралы айта кетті. Айтуынша, елімізде шетелдік шығармаларға ұқсас форматта жазылған туындылар енді дамып келеді.

Балалар әдебиетін қолдау іс-шаралары бір аймен шектелмейді – Ербол Бейілхан

Қазіргі балалар кітапқа басқаша талғаммен қарайды. Алайда бұл балалардың бұрынғы әдебиеттерді оқымайды деген сөз емес. Олардың қызғушылығы мүлдем бөлек. Сондықтан жасөспірімдер мен балаларымызға лайықты кітап жазумен айналысатын жазушыларымызға ден қойып отырмыз. Мысалы, жастарымыз шетел әдебиетін оқиды. Сәйкесінше мұндай жазушылар біздің елімізде де бар. Атап айтқанда, Зира Наурызбаеваның «Алтын тостағанды іздеу», Рүстем Сауытбайдың балаларға арналған Хәрри Поттердің желісі бойынша жазылған екі кітабы бар. Егер мемлекет биылғыдай балалар әдебиетін қолдауды үш-төрт жылға созса, онда ең жақсы таңдаулы әдеби шығармалардың шығатынына сенімім мол, – деді ол.
Балалар әдебиетін қолдау іс-шаралары бір аймен шектелмейді – Ербол Бейілхан

Сөз соңында Ербол Бейілхан жасөспірімдер мен балалардың кітап оқудағы рухани шөлін басу мақсатында көптеген жоба мен байқау ұйымдастырылатынын айта кетті. 

Балалар әдебиетін қолдау іс-шаралары бір аймен шектелмейді – Ербол Бейілхан

Алдағы уақытта бес жанрдан тұратын түрлі байқаулар ұйымдастырмақшымыз. Балалар әдебиетін қолдау шарасы бір аймен шектелмейді. Бір жыл бойы жалғасын табады. Әр ай сайын жоба мен мақсаттарымызды айқындап, іске көшеміз. Біздің кеңестің үлкен жоспары бар. Ұсынып жатқан ұсыныстарымыз бар. Белгілі балалар жазушыларымен, баспагерлермен қосылып, сүбелі, жақсы туындылар шығару жоспарда бар, – дейді ақын Ербол Бейілхан.
Балалар әдебиетін қолдау іс-шаралары бір аймен шектелмейді – Ербол Бейілхан


Олжас АДАЙ
Өзгелердің жаңалығы