Балаева: Жаңа телевизиялық платформаның ашылуы – отандық медиадағы айтулы оқиға

10 Наурыз 2021, 19:45
1801
Бөлісу:
Балаева: Жаңа телевизиялық платформаның ашылуы – отандық медиадағы айтулы оқиға

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Қазақтелеком» АҚ-ның түбегейлі жаңа телевизиялық платформа құру жөніндегі жаңа жобасына баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа телевизиялық платформаның ашылуы – отандық медиа саладағы айтулы оқиға. Қоғамға сапалы әрі ашық ақпарат жеткізу – біздің қызмет саласындағы басты міндеттердің бірі. Соның ішінде әсіресе, жаңа теле-платформаның мемлекеттік тілге басымдық беретіні көңіл қуантады. Сондай-ақ, жаңа бастама – отандық медиа саласының бәсекеге қабілетін одан ары арттыруға үлкен серпін береді деп сенемін, - деді министр «Қазақтелеком» компаниясының «ТВ+» тұғырнамасын таныстыруға арналған іс-шара барысында. 

Бұл орайда Аида Балаева осы жаңа жобаға бастама көтеріп, оның іске асуын қамтамасыз етіп отырған – «Самрұқ-Қазына» әл-ауқат қоры мен «Казақтелеком» компаниясына алғысын білдірді.

«ТВ+» жаңа телеплатформасы отандық медиа нарығын дамыту катализаторларының бірі ғана болып қалмай, жас талантты авторларды елімізде жаңа, барынша сапалы контент жасау үшін үнемі жұмыс істеуге ынталандырады деп сенеміз. Ал олардың күш-жігерінің нәтижесі мен көрсеткіші жоғары көрермен рейтингі болсын, - деді ол. 

Сонымен қатар ол Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі алдағы уақытта серіктестік жұмысқа дайын екендігін атап өтті.



Өзгелердің жаңалығы