Балаева "Tamasha TV" телеарнасының жабылуы туралы пікір білдірді

27 Шілде 2020, 09:55
4099
Бөлісу:
Балаева "Tamasha TV" телеарнасының жабылуы туралы пікір білдірді

Нұр- Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясының құрамына кіретін "Tamasha TV" телеарнасы 2020 жылдың 27 шілдесінен бастап хабар таратуын тоқтатады деп жазды Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында. 

Телеарналар да тірі организм секілді. Уақыт өте келе, заман талабының жалына жармаса алмай, тіршілігін түзей алмағаны жабылып, орнына жаңасы ашылып жатады. Бұл – табиғи, қалыпты процесс. Ойын-сауық бағытындағы "Tamasha TV" телеарнасы жұмысын тоқтатып жатса, 30 маусымнан бастап "Abai tv" мәдени-ағарту телеарнасы эфирге шығып, халықпен қауышып отыр, - деді ол. 

Министр мемлекеттік телеарналар халықтың көкейіндегіні дөп басатын хабарлар дайындауды жалғастыратынын айтты.

Бұл тұста ең басты мәселе, алдағы уақытта мемлекеттік телеарналардың қай-қайсысында болсын, ұлттық құндылықтарды насихаттау, этносаралық бірлікті нығайту, еліміздегі саяси тұрақтылық пен қарапайым халықтың көкейіндегіні дөп басатын хабарлар дайындау бағытындағы жұмыстар одан әрі жандана түсетінін баса айтқымыз келеді, - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, "Tamasha TV" телеарнасы бүгіннен бастап хабар таратуын тоқтататыны туралы хабарлаған болатынбыз.
Өзгелердің жаңалығы