Балаева: Қызметте жүрген әйелдерге жағдай жасау - мемлекеттің міндеті

22 Маусым 2023, 11:38
779
Бөлісу:
Балаева: Қызметте жүрген әйелдерге жағдай жасау - мемлекеттің міндеті
Фото: Артём Чурсинов

Бұл туралы Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы Аида Балаева айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елордада қызметте жүрген әйелдер «Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі әйелдердің рөлі» тақырыбында пікір алмасып жатыр.

Балаева әріптестерін 23 маусымда атап өтілетін Мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтады.

Әйелдерге мемлекеттік міндеттерді арқалап, уақытпен санаспай, қызмет ету оңай емес. Жұмыстың жауапкершілігі бір бөлек. Үйдегі жұмыстар да әйелдердің мойнына түсіп жатқаны белгілі. Десе де қызметтегі әрбір жетістігіміздің, әрбір жеңісіміздің артында отбасымыздың қолдауы жатқанын ұмытпауымыз керек, - деді ол.

Аида Балаева қызметте жүрген әйелдерге жағдай жасап, жұмыста да, үйде де құқығын бірдей қамтамасыз ету - мемлекеттің маңызды міндеті. Сонымен бірге мемлекет бұл бағытта үлкен жұмыс атқарып жатқанын атап өтті.

Мысалы, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары басшылықта қызметте болған әйелдердің саны небәрі 10 пайыз болса, қазір орталық және жергілікті деңгейде басшы болып отырған әйелдердің саны 40 пайыз. Олардың ішінде 3 министр, Парламенттің 28 және мәслихаттың 138 депутаты, 5 облыс және 74 аудан әкімінің орынбасарлары, 5 аудан әкімі, 4 елші және 1 генерал бар. Бұл еліміздегі әйелдер үшін қызметтік карьераға жасауға берілген мүмкіндіктердің көрсеткіші, - деп атап өтті Балаева елордада өткен отырыста.

Өзгелердің жаңалығы