Балаева Қазақстанның климаттық саясатта атқарып жатқан шаралары туралы айтты

10 Қараша 2023, 17:25
692
Бөлісу:
Балаева Қазақстанның климаттық саясатта атқарып жатқан шаралары туралы айтты
PHOTO
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ташкентте өткен «Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі – Балалар мен жастар іс-әрекетте» атты халықаралық форумға қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәлімдеуінше, шарада климаттың өзгеруіне орай Орталық Азиядағы балалар мен жастардың тұрақты болашағын бағдарлауға қатысты маңызды мәселелер талқыланды.

Форумды «Замин» халықаралық қоғамдық қоры мен БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) ұйымдастырды.

Министр Қазақстанның климаттық саясатта атқарып жатқан шараларына тоқталды.

Еліміздің маңызды жетістіктерінің бірі – парниктік газ шығарындыларын азайту. Қазақстан 2021 жылдың соңына дейін шығарындыларды 15%-ға қысқартуға міндеттенген болатын. Парниктік газ шығарындыларын азайту тәжірибесінің арқасында біз шығындыларды 1990 жылғы деңгейден (380 млн. тонна) 10,35%-ға дейін азайттық.

Балаева Қазақстанның климаттық саясатта атқарып жатқан шаралары туралы айтты

Сонымен қатар, 2023 жылдың ақпанында 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы, 2022-2025 жылдарға арналған көміртегі квотасының ұлттық жоспары, 2023-2025 жылдарға арналған көміртегі бюджеті және 2022-2026 жылдар аралығында Қазақстанның парниктік газ шығарындыларын еуропалық сауда жүйесімен интеграциялаудың жол картасы бекітілді.

 Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2 миллиард ағаш отырғызу жоспарлануда. 2022 жылы 111,5 мың гектар алқапқа 282,9 миллион көшет отырғызылса, биыл 410 миллион көшет отырғызу жоспарланған. Сондай-ақ, Арал теңізінің құрғаған табанына сексеуіл егу және 250 мың гектар аумаққа фитомелиорация жұмыстары жүргізілуде. «Өсімдіктер әлемі туралы» заңға қол қойылды, қоршаған ортаны бүлдіру және бұзақылыққа жауапкершілікті күшейту мақсатында заңнамаға өзгерістер енгізілді. Қабылданған шаралардың тиімділігі айқын, - деп атап өтті Аида Балаева. 

Сонымен қатар министр Қазақстан климаттың өзгеруімен күресу және келер ұрпақ үшін тұрақты болашақ құру тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы