Балаева Орталық Азияны әлеуметтік қиындықтармен бірлесе күресуге шақырды

19 Маусым 2023, 11:43
837
Бөлісу:
Балаева Орталық Азияны әлеуметтік қиындықтармен бірлесе күресуге шақырды
Фото: Артём Чурсинов

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегіҰлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева Орталық Азияны әлеуметтік қиындықтармен бірлесе күресуге шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астанада Қазақстанның төрағалығы аясында БҰҰ қолдауымен Орталық Азия елдері әйелдері диалогының бірінші отырысы өтіп жатыр.

Қазіргі кезеңде әйелдердің көшбасшылығын дамыту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ ол әйелдер диалогының рөліне байланысты болып отыр. Бүгінгі күні әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктері жүйелі түрде кеңейтіліп келеді. Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогы гендерлік теңдікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады, - деп айтты Балаева.

Сонымен қатар Балаева атап өткендей, әрі қарай әйелдердің жағдайын жақсарту, дамыту бойынша іс-шаралар жүргізуде жаһандық міндеттерді шешуде жұмыстар жалғаса береді.

Ол Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия осындай маңызды, өзекті мәселелерді шешуге арналғанын атап өтті.

Ол 6 негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді. Олар: әлеуметтік-демографиялық даму, зорлық-зомбылыққа қарсы тұру, экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту, отбасылық құндылықтарды және мәдени ізгілікті ұстанымдарды дамыту, халықаралық ынтымақтастық. Әрбір бағыт бойынша нақты жұмыс жүргізіліп жатыр. Ұлттық комиссия ірі технопаркпен жұмыс істеп келеді. Біз бірлесе отырып жасайтын әлеуетіміз жаһандық мәселелерді шешуге көмектеседі, - деп комиссияның атқарып жатқан жұмыстары туралы айтып берді Аида Балаева.

Оның сөзінше, гендерлік паритет болған жерде және әйелдердің ұстанымы қағидаттарға сүйенетін болса, сонда дұрыс саяси шешімдер қабылданады. Сондықтан елдеріміздің ғылыми сарапшылар ынтымақтастығын дамытқан дұрыс.

Адамдардың өмір сапасына әсер ету үшін әлеуметтік қиындықтармен бірлесе күресейік. Ол тұрмыстық зорлық-зомбылық, қыздардың ерте жүктілігі, қыздарды күштеп тұрмысқа шығару мәселелері, туризмді және мәдени салаларды да бірлесе отырып дамытуымыз керек. Бұл салаларда көбіне әйелдер жұмыс істейді. Қоршаған саласында да ынтымақтастық қажет. Өйткені көптеген проблема бойынша серіктестер бірлесе шешім қабылдауы қажет. Бұл жерде ауылшаруашылық, тоқыма өнімдерді дамыту үшін бірлескен форумдарды өткізе аламыз. Осы бағыттың барлығы бойынша Қазақстанның табысты тәжірибесі бар, - деп атап өтті Ұлттық комиссияның төрағасы отырыста.

Дүниежүзілік экономикалық форум деректеріне сүйенсек, 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан гендерлік теңдік бойынша өзінің көрсеткіштерін жақсартты. Жаһандық рейтингте 80-орыннан 65-орынға дейін көтерілді. Ол Словакия, Чехия, Польша және Армения сияқты елдерден алға шықты.

Балаева гендерлік күн тәртібіндегі мақсаттарға қол жеткізу үшін бұл мәселелерді өңірлік және халықаралық деңгейде көтеру қажет екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, биыл Қазақстан Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогына төрағалық етеді.

Өзгелердің жаңалығы