Балаева: Коронавирусты жеңіп шығу өзімізге байланысты

12 Маусым 2020, 21:33
1263
Бөлісу:
Балаева: Коронавирусты жеңіп шығу өзімізге байланысты
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қазақстандықтарды COVID-19 індетімен тиісті түрде күресуге шақырды. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды.

Статистика көрсеткендей, коронавирусты жұқтырғандар күн сайын көбейіп, өлім-жітім артып келеді, көптеген өңірлерде билік карантиндік шараларды қатаңдатуға мәжбүр. Өкінішке орай, бүгінде көптеген қалалардағы жағдай сәтсіз болып отыр – көптеген қазақстандықтар қарапайым санитарлық нормаларды формальды түрде сақтайды, ал біреулер оларды елемейді, - деп жазды ол.

Сондай-ақ, ол азаматтарды сақтық шараларын сақтауға алғаш рет шақырып тұрмағанын атап өтті.

Нешінші рет барлықтарыңызды өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулықтарыңызға жауапты болуға шақырып отырмын! Коронавируспен табысты күрес бүгінде әрқайсымызға байланысты. Жақындарыңызды сақтаңыздар!, - деп қорытындылады министр.
Өзгелердің жаңалығы