Балаева халықты спортпен шұғылдануға шақырды

15 Ақпан 2021, 21:52
1985
Бөлісу:
Балаева халықты спортпен шұғылдануға шақырды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева еліміз Тәуелсіздік алған 30 жылдың ішінде жеткен жетістіктерінің ең жоғарғыларының бірі - спорт саласы деген пікірде. Бұл туралы министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде еліміз жеткен жетістіктер аз емес. Соның бірі – әрине спорт саласы. Атлеттеріміз қандай әлемдік додаларда да ел мерейін көтеріп, топ жарып жүр. Соның ішінде әсіресе қысқы спорт түрлерінен келетін жүлденің орны біз үшін бөлек - дейді министр.

Сонымен қатар Аида Балаева жақында ғана АҚШ-та топ жарған Жанбота Алдабергенованы жеңісімен құттықтады.

Осы ретте, қысқы спорттағы фристайлшы қызымыз – Жанбота Алдабергенова жақында ғана АҚШ-та өткен шаңғы акробатикасы турнирінен 85.68 ұпаймен топ жарып, алтыннан алқа тақты. Жанбота қызымызды жүлделі жеңісімен қуана құттықтаймын! - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, еліміз Егенмендік алғаннан мемлекет спорт саласына ерекше көңіл бөліп келеді. 

Спортпен айналысудың жалпы халыққа қол жетімді болуы үшін бүгінде барлық жағдай жасалған. Заманауи спорт кешендері салынды, аула клубтары, футбол алаңдары ұйымдастырылып, көше спорты жанданды. Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап өткендей бұқаралық спортты дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі және салауатты өмір салтын ұстанататын қоғам қалыптастырудағы басты шарт. Спорт – денсаулық кепілі! Спорпен шұғылданыңыздар! - деді Аида Балаева.

Өзгелердің жаңалығы