Балаева: Бастама өскелең ұрпақты кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру

4 Мамыр 2024, 19:29
459
Бөлісу:
Балаева: Бастама өскелең ұрпақты кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру
Фото: Артём Чурсинов - Архив

Бұл туралы Аида Балаева өзінің facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда кітап мәселесіне ерекше тоқталып өткені белгілі. Президент өз сөзінде: "Шын мәнінде, кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады. Біз жас ұрпақтың кітапқа құштарлығын оятуымыз керек" деген болатын, - дейді Балаева.

Сондай-ақ ол, елімізде  "Ауыл кітапханаларына 100 кітап" атты акция басталғанын айтып өтті.

Мен өзім Абай Құнанбайұлының ауылы Қарауылға және Қаныш Сәтбаевтың ауылы Баянауылға және өз туған ауылыма әлем және қазақ әдебиетінің үздік шығармаларын, танымдық-ағартушылық әдебиеттерді тарту еттім, - дейді министр.

Айтуынша, бұл акцияны өзге де әріпестері, министрлер қолдап, қазірдің өзінде бірнеше ауылға кітап жеткізіп үлгерген.

Мәселен, Ішкі істер министрі Ержан Сапарбекұлы, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сейпілұлы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Қабыкенқызы, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болған Бағдат Батырбекұлы жеке атсалысып, еліміздің бірқатар өңіріндегі ауыл кітапханаларына 100 кітаптан табыс етуде. Басқа да әріптестерміз таяуда акцияға қолдау көрсетуге ниет білдірді, - дейді министр.

Сондай-ақ ол, бұл бастама арқылы шалғайдағы ауыл кітапханаларына соңғы шыққан жаңа туындыларды жеткізіп, өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруды мақсат етіп отырғанын жеткізді.

Акцияға өзге де мекемелер мен ұйымдар, жанашыр азаматтар атсалысады деп сенеміз, - деді Балаева.

Өзгелердің жаңалығы