Бала жоғалған кезде не істеу керек?

24 Мамыр 2021, 18:22
3737
Бөлісу:
Бала жоғалған кезде не істеу керек?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Римма Иманғазинова жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігі туралы өткен брифингте айтты.

Қазір елорда бойынша табылмаған бала жоқ. Полиция департаментінің статистикасы бойынша тіркелмеген ондай балалар да жоқ. Егер де ата-аналар баласының жоғалуына тап болса, бірден полиция департаментіне «102» нөміріне хабарласуы керек, - деді Иманғазинова.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалыұлының айтуынша, балабақшадан бастап білім мекемелерінде жедел қызмет көрсету телефондары айтылады.

Балаларға жедел қызметтердің телефондарын ескертіп, айтамыз. 103 – жедел жәрдем қызметі, 101- өртке қарсы қызметі, 102 – полиция қызметі, 104 – газ қызметі. Бұл қызметтердің байланыстарын білу керек. Ата-аналар да балаларына түсіндіріп, үйретулері қажет, - деді ол.

Сондай-ақ ол балаларды жазатайым оқиғалардан қалай қорғау керек екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы