Балабақшадан бала ұрламақ болған келіншектің ата-анасы сот шешіміне қарсы

29 Қазан 2019, 10:31
2078
Бөлісу:
Балабақшадан бала ұрламақ болған келіншектің ата-анасы сот шешіміне қарсы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда балабақшадан бала ұрламақшы болғаны үшін 6 жылға сотталған Саягүл Жаңалықтың туыстары сот үкіміне наразылықтарын білдірді.

"Хабар 24" деректеріне сәйкес, олар сот шешімімен келіспейді, үкімге шағым түсіруді жоспарлап отыр. 

Сотталушының әкесі Дәулетхан Жаңалық сот шешімімен келіспейтінін айтты. Оның сөзінше, қызы баланың денсаулығына еш зиян келтірмеген.  

"Бізде әлі 15 күн бар. Апелляция туралы ойлап отырмыз, барлығын жақсылап ойластыру керек. Сот шешімімен келіспейміз. Бала тірі, денсаулығы еш зиян келмеген. 6 жыл деген тым ауыр сияқты. Біз өзімізде оның әрекетін түсіне алмадық, айыптаймыз, бірақ ол біздің қызымыз, төрт қыздың үлкені. Бұрын оның басынан мұндай жағдай өтпеген", - деді бала ұрлаған әйелдің әкесі Дәулетхан Жаңалық.  
Айта кетейік, оқыс оқиға биыл шілде айында болды. Саягүл Жаңалық өзін туысымын деп таныстырып, балабақшадан баланы ұрламақшы болған. Алайда, соңғы сәтті балабақшада күтуші болып жұмыс істейтін әйел күдікті келіншектің қолынан баланы жұлып алған. Артынша оны құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұстады. Ол баланы ұрлап, ата-анасынан ақша талап етпек болған. 

Бұған дейін бала ұрламақ болған әйелдің 6 жылға бас бостандығынан айырылғаны туралы хабарланған.
Өзгелердің жаңалығы