Балабақшадан бүлдіршінді ұрламақ болған әйелге қатысты сот үкімі шықты

28 Қазан 2019, 15:45
2102
Бөлісу:
Балабақшадан бүлдіршінді ұрламақ болған әйелге қатысты сот үкімі шықты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда 5 жасар баланы балабақшадан ұрламақшы болған әйелге сот үкімі шықты. Әйел 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қылмыстық іс Медеу аудандық №2 сотында қаралды. Балабақшаның бұрынғы тәрбиешісіне ҚР Қылмыстық кодексінің "Адамды ұрлауға оқталу" бабы бойынша айып тағылды.  

Сот баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел алты жылға бас бостандығынан айырылған. 

"Ол жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық атқару жүйесінде өтейтін болады. Аяқталмаған қылмыс үшін ҚР ҚК 56-бабына сәйкес қылмыс жасағаны үшін жазаның мерзімі немесе мөлшері аяқталған қылмыс үшін осы Кодекстің ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген жазаның негізгі түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің төрттен үшінен аспауға тиіс", - делінген сот хабарламасында. 
photo_296397.png

Айта кетейік, оқыс оқиға биыл шілде айында болды. Балабақша қызметкері өзін туысымын деп таныстырып, баланы ұрлап әкетпекші болған. Артынша оны құқық қорғау органдарының қызметкерлері құрықтады. Әйел баланы ұрлап, ата-анасынан ақша талап етпекші болған. 

Өзгелердің жаңалығы