Бала тәрбиесіне, отбасылық өмірге баулитын кітап оқырманға жол тартты

10 Мамыр 2024, 08:41
761
Бөлісу:
Бала тәрбиесіне, отбасылық өмірге баулитын кітап оқырманға жол тартты
Фото: Кейіпкердің жеке мұрағатынан

Оқырмандарға  ата-анаға, жарымен дұрыс мәміле құрып, жұбайлық өміріне бақыт кіргізгісі келетін ерлі-зайыптыларға арналған кітап жол тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кітап - ұл тәрбиесіне уайымдап «қалай ұлымды дұрыс тәрбиелеймін» деген ата-анаға; өмірінің әр түрлі кезеңдерінде сүрінбей өтіп, айналасымен сауатты коммуникация құру арқылы табысқа жеткісі келетін ер жігіттерге; идеал жігіттің бойында қандай қасиеттер болатынын біліп, абьюзер, тирандардан аулақ болғысы келетін бойжеткендерге; жарымен дұрыс мәміле құрып, жұбайлық өміріне бақыт кіргізгісі келетін ерлі-зайыптыларға таптырмайтын құрал.

Жалпы, ер жігіт туғаннан – қарт болғанға дейін салиқалы азамат болуды үйрететін инструкция, өмірлік инструмент.

Айта кетейік, Ерлан Әбдірұлы 1986 жылы 31 шілдеде қазіргі Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының, “Erikson” халықаралық коучинг университетінің түлегі. Журналист, медиаменеджер, ҚР ақпарат саласының үздігі.

Өзгелердің жаңалығы