Қазақстан баланы нашар тәрбиелейтін елдердің қатарында

16 Қаңтар 2020, 18:07
2128
Бөлісу:
Қазақстан баланы нашар тәрбиелейтін елдердің қатарында

Алматы, BAQ.KZ. "Балаларды тәрбиелеу бойынша үздік елдер" рейтингінде Қазақстан 80 елдің арасында 73-орында тұр. 

US News басылымы балалардың тәрбиесі үшін жасалған жағдайды сараптап, әлемдегі 80 елдің арасында рейтинг жариялады. 

Рейтинг бірнеше критерилер бойынша қарастырған. Талаптарда – адам құқығын қорғау, отбасындағы татулық, жыныстық теңдік, қауіпсіздік, даму, мемлекеттік білім жүйесі және денсаулық сақтау жүйесінің дамуы қарастырылған.

Балаларды тәрбиелеу үшін ең үздік жағдай Швеция, Дания және Норвегияда жасалған. 

Рейтинг бойынша Ресей – 46, Түркия – 49, Украина – 58-орында. 

Қазақстан тізімнің соңғы қатарында тұр. Мәлімдемеде: "Қазақстан теңізге шығатын жолы жоқ, негізінен Орталық Азияда, шағын көлемі шығыс Еуропада орналасқан әлемдегі ірі мемлекет. Елдің аймақтағы экономикасының басымы мол табиғи ресурстарға тиесілі", - деп жазылған. 

Рейтингті Ирак (79) және Иран (80) қорытындылап тұр.
Өзгелердің жаңалығы