Балаға көбіне жақын адамдары зорлық-зомбылық көрсетеді – маман

15 Қаңтар 2020, 01:53
1442
Бөлісу:
Балаға көбіне жақын адамдары зорлық-зомбылық көрсетеді – маман

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылы ШҚО-да 150-ден астам зорлық-зомбылық фактісі тіркелді. Оның ішінде 12 жәбірленуші кәмелеттік жасқа толмаған, деп жазды altaynews.kz. 

ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Елдос Закимовтың айтуынша, қылмыс көбіне пәтерлерде, үй мен жатақханаларда жасалады. Қылмыстың 77 пайызында балаға жақын адамдары зорлық-зомбылық көрсетеді. Осыған байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зорлық-зомбылыққа қатысты жазалау шараларын қатаңдатуды тапсырған болатын. Жаңа өзгеріске сәйкес, Қылмыстық Кодекстің 120-бабы «Зорлау» және 121-баптың «Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» баптарына өзгерістер енгізілді.

Егер бұрын зорлық жасаған адам үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылып, қылмыс ауырлығы орташа санатқа жатқызылса, енді зорлау және жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағандар бес жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Жаңа заң бойынша жәбірленуші тараппен ымыраға келуге қатаң тыйым салынады. Егерде кімде кім қызмет бабын пайдалана отырып зорлық-зомбылық көрсетсе 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Екі немесе одан да көп кәмелет жасына толмағандарды зорлау немесе жәбірленушінің өліміне әкеп соғатын зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағандар 17 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылады.

Өзгелердің жаңалығы