Балқашта қалдықтарды сұрыптайтын жаңа қондырғы орнатылды

7 Қазан 2020, 19:10
1582
Бөлісу:
Балқашта қалдықтарды сұрыптайтын жаңа қондырғы орнатылды
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балқашта қалдықтар сұрыптала басталды. Қалдықтарды сұрыптайтын желі полигон аумағында орнатылды. Ол металл, пластик, шыны, қағаз және басқа да қалдықтарды жинауға арналған ыдыстармен жабдықталған, деп хабарлады облыс әкімдігінің ресми сайты.

Полигон қоқысқа толып кетті. Біз ол мәселенің шешімін таба алдық. Келісім аясында сұрыптау желісі ашылды, - деді Балқаш қаласының әкімі Ораз Таурбеков.
Қайта өңделетін барлық зат жалпы қалдықтардан алынады. Кейіннен ол қабылдау пункттеріне өңдеуге жіберіледі. Қалған тұрмыстық қалдықтар көму үшін полигонға кетеді. Болашақта органикалық қалдықтарды жоюға арналған инсинераторлық құрылғыларды қолдану нұсқасы қарастырылуда. 
Өткен жылы полигон сенімгерлік басқаруға берілген. Кәсіпкер өз қаражаты есебінен алаңды қоршады, сұрыптау сызығы мен қалдықтарды өртеуге арналған жабдықтар сатып алды. Қалдықтардың басқа түрлерін, соның ішінде автомобиль дөңгелектері мен құрылыс қалдықтарын өңдеуді ұйымдастыру жоспарлануда. Сонымен қатар ол азаматтарға тұрмыстық қалдықтарды сұрыптауды үйретуді көздейді, - делінген ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы