Бағаны тұрақтандыру үшін 500 мың тонна азық-түлік шығарылады - АШМ

7 Қаңтар 2022, 16:14
1307
Бөлісу:
Бағаны тұрақтандыру үшін 500 мың тонна азық-түлік шығарылады - АШМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азық-түлік корпорациясы ішкі нарықта бағаны тұрақтандыру үшін 500 мың тонна астық жібереді. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ 2021 жылғы астықты форвардтық сатып алу бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде 930 мың тонна көлемінде астық ресурстарын қалыптастырды, оның ішінде азық-түліктік бидай 880 мың тонна. Әлеуметтік нан бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» биылғы жылдың қаңтар айынан бастап ұн тарту зауыттарына 275 мың тонна бидайды арзандатылған бағамен сатуды бастайды - делінген министрлік хабарламасында.

Сондай-ақ, еліміздің құс және мал шаруашылығы кәсіпорындарын жеммен қамтамасыз ету бойынша 235 мың тонна астық пен кебек жіберіледі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін елімізде азық-түлік қоры жеткілікті екенін хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы