Бағаны тұрақтандыру үшін сауда орындарының басшыларымен келісім жасалды

19 Наурыз 2021, 04:20
1445
Бөлісу:
Бағаны тұрақтандыру үшін сауда орындарының басшыларымен келісім жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы азық-түлік базарларының өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Кездесу аясында «Әсем», «Әлем», «Шапағат», «Биг Шанхай» және «Шарын» секілді азық-түлік базарларында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 19 түріне шекті сауда үстемесін орнату туралы келісімге қол жеткізілді.

Азық-түлік нарықтарының өкілдері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесінің мөлшері бойынша 15%-дан аспайтын, ал көпшілік позиция бойынша 7-10%-дан аспайтын бірлескен меморандумға қол қоюға дайын екендіктерін білдірді.

Сондай-ақ, осы мәселе бойынша «Magnum», «Small», «Аян», «Астықжан», «Кеңмарт» және т.б. сауда желілерімен меморандум жасасу бойынша іс-шаралар пысықталуда.

Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы «айналым механизмі» аясында 8 субъектімен шарттарға қол қойып, 4,6 млрд теңге сомаға қарыз бөлді.

Бұл ірі сауда объектілерінде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 18 позицияларын төмендетілген бағамен сатуға мүмкіндік берді:

- «Ақмол» дүкендерінде 2021 жылдың желтоқсанына дейін 10 тауардың (сүт, айран, тауық еті, сүзбе және т.б.) бағасы бекітілді.
- «Магнум» сауда желісінде 16 позицияның (сүт, айран, тауық еті, сүзбе және т. б.) бағасы бекітілді;
- «Аян», «Астықжан» және «Кеңмарт» дүкендерінде күнбағыс майының 2 түрі («Лето», «Хозяюшка») 460 тг/л бағада сатылады.
- «Магнум», «Астықжан», «Вкусмарт», «Метро» желілерінде күріш 245 тг/кг бағада және қарақұмық жармасы 330 тг/кг бағада сатылады.

Көкөніс өнімдері 6 нысанда («Шапағат», «Рахмет», «Вкус Март», «Анвар», «Астықжан» және «АQMOL») қала бойынша ең төмен бағалар болып табылатын бекітілген бағалармен сатылады.

Картоп-89 тг/кг, қырыққабат-90 тг/кг, пияз-80 тг/кг, сәбіз-77 тг/кг.

Өзгелердің жаңалығы