Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халық жаппай тұтынатын тауарларға бағаның өсуі жергілікті атқарушы органдардың бақылауында болуы тиіс. Бұл аксиома!
Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Жаңаөзендегі халықтың наразылығына қатысты осындай пікір білдірді.
Бүгін әлеуметтік әділеттілік принципін қалыптастыру өзекті. Әкімшіліктің басты міндеті баға мәселесіне әрқашан әділеттілік принциптерін басшылыққа алу. Баға халықтың басым көпшілігі үшін ақылға қонымды болу керек. Пандемия кезінде халықтың әл- ауқатын ұстап тұру жергілікті атқарушы органдар мен Министрлер кабинетінің басты міндеті. Барлық өңірдерде тұрмыстық қажетті тауарларға бағаның шектен шыққан мөлшеріне мониторинг жасап, оны тежеудің тәсілдерін жасау маңызды, – деп жазды депутап әлеуметтік желідегі парақшасында.