Бабақұмаров Алматы этномәдени бірлестіктерінің басшыларымен кездесу өткізді

29 Желтоқсан 2021, 09:38
1064
Бөлісу:
Бабақұмаров Алматы этномәдени бірлестіктерінің басшыларымен кездесу өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қаланың этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен кездесуде мегаполисте қоғамдық келісімді дамыту мен нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады. 

Кездесу Тұңғыш Президенті күні ашылған қалалық Достық үйінде өтті. Кездесу барысында Достық үйінің жұмысын дамыту мәселелері, қаланың ҚХА-ның перспективалық бағыттары, мәдени-гуманитарлық және қайырымдылық салаларындағы ықтимал жобалар талқыланды. 

Кездесуде 2022-2023 жылдарға арналған Алматы қаласы тұрғындарының этникалық топтары арасында мәдениетаралық коммуникацияны, өзара іс-қимыл мен интеграцияны одан әрі дамыту жөніндегі жұмыс тұжырымдамасы ұсынылды. 

Кездесуге қатысушылардың пікірін ескере отырып, құжат жобасына толықтырулар енгізілетін болады. Е. Бабақұмаров қаланың этномәдени бірлестіктері қалай орналасқандығымен танысты. Олардың барлығы Алматыда 36. Кең ғимаратта дәстүрлерді, тілдерді, мәдениетті сақтау үшін барлық жағдайлар жасалған. Мұнда 24 кабинет, конференц-зал, тіл сыныбы, би залы, медиация және қоғамдық келісім кеңесі кабинеттері, сондай-ақ қоғамдық қабылдау бөлмесі бар. 

Кездесу соңында Е. Бабақұмаров этномәдени бірлестіктердің белсенді мүшелеріне этносаралық қатынастарды дамытуға және қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттарды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы