БАӘ мен Қазақстан. Елордада екі ел тәуелсіздігінің мерейтойына арналған шара өтті

26 Қараша 2021, 13:15
894
Бөлісу:
БАӘ мен Қазақстан.  Елордада екі ел тәуелсіздігінің мерейтойына арналған шара өтті
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Біріккен араб әмірліктері елшілігі БАӘ тәуелсіздігінің 50 жылдығы мен Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мерекелік шара ұйымдастырды.

Мәдени шарада екі елдің мәдениеті таныстырылып, танымал қазақстандық және әмірліктер әртістері өнер көрсетті. 

Сауда орталығына келушілер мерекелік концертті тамашалады. 

БАӘ мен Қазақстан.  Елордада екі ел тәуелсіздігінің мерейтойына арналған шара өтті

Өнер көрсеткендердің арасында Сүндет Байғожин, Әмірліктердің «Альмазюд» фольклорлық ансамблі «Шалқыма», «Айкөркем» би ансамбльдері, «Viva» кабаре шоуы бар.  Шара аясында әмірлік қолөнершілерінің бұйымдары қойылған шағын көрме ұйымдастырылған. 

БАӘ мен Қазақстан.  Елордада екі ел тәуелсіздігінің мерейтойына арналған шара өтті

Біріккен араб әмірлігі өз тәуелсіздігін 1971 жылдың 2 желтоқсанында алды. Ал Қазақстан 16 желтоқсан тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелейді. Шара ұйымдастырушылары екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған игі іс шара бірнеше күнге жалғасатынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы