«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша алғашқы несие берілді

26 Шілде 2019, 14:35
3203
Бөлісу:
«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша  алғашқы несие берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша алғашқы несие берілді. Бұл туралы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің баспасөз қызметі. 

Қарағанды облысы бойынша алғашқы несие Жезқазған және Шет ауданында тұратын отбасыларға берілді. Олар займды жылдық 2% мөлшерлемемен 19 жылға дейін алатын болады.

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі табысы төмен отбасыларды несиелендіру бағдарламасын іске қосты. Аталған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында банктің есеп-шотына республикалық бюджеттен 50 млрд теңге аударылды. Бұл қаражат 2019 жылы алғашқы 6 000 қазақстандық отбасыға жалдамалы үйден өз пәтеріне көшуге көмектеседі. Арнайы олар үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі "Бақытты отбасы" бағдарламасының шарттарын жасау кезінде несие бойынша төлемнің жалдамалы пәтерге кететін төлем мөлшерімен шамалас болуын қамтамасыз етті. Бұған қоса, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі уақыт өте келе займ бойынша төлемнің төмендеуіне мүмкіндік беретіндіктен, отбасылық бюджетке түсетін ауыртпалық та азаятын болады", - деп атап өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

«Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысу үшін отбасының әр мүшесіне келетін табыстың мөлшері 42 500 теңгеден аспауы керек (барлық салықтар мен зейнетақы жарналарын шегергенде). Мәселен, егер отбасы 5 адамнан тұратын болса, онда оның жалпы кірісі 212 500 теңгеден артық болмауы тиіс. Яғни, бұл бюджеттік жәрдемақы емес, жұмыс орнынан берілетін қаражат болуы керек. Бастапқы жарнаны өтеуге шамасы келмеген отбасыларға тек жаңа үйден пәтер сатып алу үшін жергілікті әкімдік тарапынан тұрғын үй сертификаттарын беру қарастырылған. Тұрғын үй сертификаттарын алушылардың тізімін мәслихат бекітетін болады.

"Жергілікті әкімдіктің қызметкерлері жолдама алуға ниет білдірген табысы төмен 500-дей отбасының өтінімін қабылдады. Олар енді осы жолдамамен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне барып, жеңілдетілген несиені алу үшін несиелік өтінімді бере алады", - деп атап өтті Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіров.
Өзгелердің жаңалығы