Бақауов талапқа сай келмейтін нысанды қымбат бағаға сатып алған

16 Қаңтар 2020, 23:50
4033
Бөлісу:
Бақауов талапқа сай келмейтін нысанды қымбат бағаға сатып алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысынның әкімі Болат Бақауов қызметін пайдаланып талапқа сай келмейтін нысанды қымбат бағаға сатып алған. Бұл туралы @yyedilov телеграм каналы жазды.

Кейбір дереккөздердің мәліметі бойынша кешенді жедел іздестіру шаралары мен құпия тергеу нәтижесінде Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов пен Баянауыл ауданының әкіміне қарсы ҚР ҚК 361-бабы 3-бөлімі 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі іс тіркелген. Олар 2018-2019 жылдар аралығында аталған аудандағы жол құрылысының мердігері болған үлестес тұлғадан ауданы 324 м2 бос ғимаратты бюджет қаржысы есебінен тым қымбат бағаға - 240 млн теңгеге сатып алады. Нысан одан ары аэродром ретінде пайдалану үшін сатып алынған. Алайда МІАД мен жер инспекциясының қорытындысына сәйкес аталған нысан аэродром ретінде пайдалану талаптарына сай келмейді. Нәтижесінде аса үлкен көлемде мемлекетке шығын келтірілген, - делінген @yyedilov телеграм каналында.

Айта кетейік, 2020 жылдың 16 қаңтарында ҰҚК мен Жемқорлыққа қарсы қызметтің ведомствоаралық жедел-тергеу тобымен Болат Бақауов ПД УҰИ-ға қамауға алынды.

Еске сала кетейік, 15 қаңтар күні әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Павлодар облысы әкімінің ұсталғаны туралы ақпарат таратыла бастады. Ал Павлодар облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ернар Сейтахмет журналистерге облыстық әкімдік штаттық режимде жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Бақауов қамауға алынды ма?" деген сауалға жауап беруге дайын емес екендігін хабарлаған болатынбыз.

Жалпы Болат Бақауов лауазымын асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.

Өзгелердің жаңалығы