Сағынтаев ардагерге көмектесуді тапсырды

13 Мамыр 2021, 15:25
1921
Бөлісу:
Сағынтаев ардагерге көмектесуді тапсырды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев азаматтарды қабылдады. Онлайн форматта өткен қабылдау кезінде қала тұрғындары тұрғын үй қатынастарына, мәдениет саласын қолдауға және коммуналдық секторды дамытуға қатысты сұрақтарын қойды.


Қабылдауға қатысқандар арасында жекешелендіру құқығынсыз мемлекет бөлген жалдамалы пәтерде тұратын ҰОС-ның ардагері Геннадий Васильевич Новоленов та болды. Оның өтініші бойынша қала әкімі Б. Сағынтаев Тұрғын үй саясаты басқармасына коммуналдық қордан жекешелендіру құқығы бар баламалы пәтер табуды тапсырды.

Галина Бегелдинованың өтініші бойынша Т. Бегелдинов атындағы халықаралық қайырымдылық қорына қолдау көрсету мүмкіндігі қарастырылды. У. Мұхаметқалидің жобасы – Dаlаgrам қосымшасын іске асыру үшін венчурлік қорлар тарапынан көмек көрсетудің жолдары іздестіріледі.

«Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің көркемдік жетекшісі Б. Тілегенов биыл 40 жасқа толатын ұжымның шығармашылығы, даму кезеңдері мен шығармашылық жобалары туралы айтты. Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қаланың Мәдениет басқармасы ансамбльдің материалдық-техникалық базасын, музыкалық аспаптары мен костюмдерін жаңарту жоспарын әзірлейтін болады.

Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасына В.Славиковскийдің жылу желілерінің энергия тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарын қарау тапсырылды.

Сонымен қатар, Жасыл экономика басқармасы Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша «Атакент» көрме орталығының аумағын кешенді абаттандыру, көгалдандыру және жөндеу бойынша жоспар дайындайды. Орталық директоры М. Мақыпова көрме шараларын өткізуге рұқсат беруді өтінді.

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қолданыстағы қаулысына сәйкес «Ашық» жобасы аясында көрме ұйымдарына жұмыс жасауға рұқсат берілген. Тек, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, «Атакент» қажетті шараларды өткізе алады. Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы «Атамекен» ҰКП-мен бірге бұл мәселені реттеп отырулары тиіс.

Өзгелердің жаңалығы