Бұрынғы вице-министр Суханбердиеваның баласы қайтыс болды

26 Шілде 2019, 10:10
3232
Бөлісу:
Бұрынғы вице-министр Суханбердиеваның баласы қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұрынғы вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның кенже баласы қайтыс болды. Бұл туралы министрдің бұрынғы кеңесшісі Майраш Тайкенова өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

«Достар, жазудың өзі ауыр болып отыр. Эльмира Амангелдіқызының кенже баласы Ілияс қайтыс болды. Бір адамның басында осыншама сынақ. Орны толмас қайғы. Бұл өмірде жақыныңнан айырылу өте ауыр, егер бауыр етің балаң болса, бұны қабылдау тіптен мүмкін емес. Иманды болсын, кішкентай періште... Қандай жағдай болмасын адамдық қасиетімізді жоғалтпайық. Адам өмірінде қандай жағдай болмасын бұрмалап, жаман сөздер айтудан аулақ болайық. Бұны еш ойланбастан фэйк аккаунттар ашып, өтірігімен, ащы тілімен адамдардың жақындарының жанын жаралайтындарға қатысты айтып отырмын», - деп жазды Майраш Тайкенова Facebook-тегі парақшасында.

Майраш Тайкенованың айтуынша, бұл хабарды ол телефондағы чаттан білген.

«Мен мұны чаттан көрдім, барлығы қайғысына ортақтасып, көңіл айтып жатыр. Анық не болғанын білмеймін. Эльмира Амангелдіқызының апайына, көмекшісіне телефон соғып едім, тұтқаны ешкім көтермейді. Маған бұрынғы вице-министр телефон соғып, бұл хабарды түнгі он бір шамасында чаттан оқығанын айтты. Менде телефон сөндірулі болған, біраз уақыт бұрын ғана көрдім...Ең сүйікті ұлы еді...», - деп жазды Майраш Тайкенова.

Оның сөзіне қарағанда, бала ауырмаған. Мүмкін жазатайым жағдай болған. Эльмира Суханбердиеваның адвокаты оның елде екенін жазып, сот үкімі шығарған айыппұлды төлегенін айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы