Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кез келген бұрмаланған немесе жеткіліксіз статистика мемлекетке деген сенім деңгейін төмендетеді, деді ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары Сабина Садиева.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың ОКҚ өткен брифингтегі мәлімдемесіне сәйкес, 1 тамыздан бастап COVID-19 статистикасы ПТР тестімен расталған барлық фактілерді және осы ауруға сәйкес келетін белгілері бар пневмонияны ескере отырып, жасалады. Вирустың өте аз зерттелуіне байланысты денсаулық сақтау министрлігіне бұл жағдайларды COVID-19 таралу статистикасына жатқызуға үшін аталмыш пневмонияға тән өзіндік белгілер жиынтығын бақылау мен анықтауға біршама уақыт кеткенін де ескеру керек, - дейді ол.
Ол атап өткендей, пневмония жағдайларын қайта қарастыру коронавирустық инфекцияның таралуы мен одан болған өлім-жітім статистикасының көбеюіне әкеледі, бірақ сандық көрсеткіштердің өсуі елдегі жағдайдың күрт нашарлауын білдірмейді.
Оның үстіне, денсаулық сақтау министрлігі қазір тәулігіне инфекцияның таралуы 1700-1800 деңгейінде тұрақтанды деп санайды. Деректерді түзету мемлекеттік органдарға жағдайды, ресурстарға қажеттілікті және COVID-19-ға қарсы шаралардың тиімділігін дәл бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, нақты көрсеткіш жоғары болғанымен де, бұл Үкіметтің жеке азаматтардың өзін-өзі оқшаулау шаралары мен жеке тазалық ережелеріне сай болуына көбірек ықпал етуге мүмкіндік береді, - деді ол.
Сарапшы айтқандай, тұтастай алғанда, коронавирусқа қатысты статистика мәселесі белгілі бір дәрежеде жалпы елдегі статистика сапасын сипаттайды.
Кез келген бұрмаланған немесе жеткіліксіз статистика мемлекетке деген сенім деңгейін төмендетеді. Оның үстіне, бұдан келер шығын өте ауқымды болуы мүмкін, өйткені пандемия кезінде тиісті мәліметтердің жетіспеушілігі азаматтарға қауіп төндіреді. Қазіргі таңда әркім коронавирус туралы мәліметтерге қатысты оқшаулану, жұмыспен қамтылу және қозғалыстың өзіндік жеке стратегияларын қарастыруда, - деді ол.
Ол атағандай, жеке тұлғаның сенімділігі әрқашан да адалдыққа арқа сүйейді.
Сондай-ақ адамдардың шағын және үлкен топтарының, тұтас алғанда қоғамның сенімі де соған негізделген. Сондықтан Президенттің COVID-19 таралу статистикасын түзету жөніндегі тапсырмасын орындау –халықтың ауруға шалдығу және өлім-жітім көрсеткішіне қатысты жағымсыз реакциялар көлемін азайту жолындағы маңызды қадам, бұл сөзсіз халықтың статистикаға деген сенімін арттырады, - деді Садиева.