Дүйсенбіде елімізде бұрқасын, көктайғақ пен тұман болады

25 Қараша 2019, 08:30
2669
Бөлісу:
Дүйсенбіде елімізде бұрқасын, көктайғақ пен тұман болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 25 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерде қар жауады, тек еліміздің батыс бөлігі антициклон ықпалында болып, жауын-шашынсыз болады. Кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді.

Алматы, Жамбыл, Ақмола, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, бұрқасын, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде көктайғақ болады.

Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман түседі.




Өзгелердің жаңалығы