БҚО-да жоғалып кеткен балалардың біреуінің денесі табылды

25 Қазан 2019, 13:07
2108
Бөлісу:
БҚО-да жоғалып кеткен балалардың біреуінің денесі табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен 5 жасар баланың денесі өзеннен табылды. 2 жасар бүлдіршінді іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Іздестіру жұмыстары барысында Қарасу өзенінен 5 жасар Бексұлтан Орынбасардың денесі табылды", - делінген хабарламада. 
Ал 2 жасар Нұрисламды іздестіру жұмыстары жалғасуда. 

Естеріңізге сала кетейік, Батыс Қазақстан облысында кәмелеттік жасқа толмаған екі бала жоғалып кеткендігі туралы хабарлаған едік.

Өзгелердің жаңалығы